31.01.2025
шахта

Қарағандыда Костенко шахтасындағы жарылысқа байланысты жүргізілген тергеу жұмыстары аяқталып қалды. «Арселор Миттал» компаниясының 9 лауазамды тұлғасы қамауға алынған Бас прокуратура аталған қылмыстық іс тергеліп біткенін жария етті.

Бас прокуратура осыдан бір ай бұрын 7 адам ұсталғанын хабарлаған болатын. Оның қатары тағы толығып жатқанға ұқсайды. Аталған тұлғалар шахтадағы қауіпсіздік техникасы мен еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауаптылар екен.

Еске салсақ, қазанның 28-іне қараған түні Костенко шахтасында метан газы жарылған. Апат кезінде шахтада болған 252 кеншінің 205 сыртқа шығып үлгерді. Ал апат ошағына жақын жүрген 46 адам қаза тапты. Олардың денесін құтқарушылар бірнеше күн іздеп әрең тауып алып шықты. Апаттан кейін жұмыс істеген мемлекеттік комиссия осыған жауапты 19 лауазымды тұлға анықталғанын мәлімдеген. Ол тізімді компанияның бұрынғы бас директоры Владимир Яблонский бастап тұр.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *