30.01.2025
құрылыс кодексі

Жаңа жобада сәулет құрылысы мен қала құрылысына тиеслі нормалар біріктірілген. Ал сала өкілдері бұрынғы сәулет заңы сол күйінде қалу керек дейді. Жауапты министрлік сараланған құжатта шетелдік тәжірибе ескерілді деп отыр. Жаңа құжаттың төңірегінде қордаланған мәселе бойынша құрылыс саласының өкілдері бас қосты. Атамекен кәсіпкерлер палатасына жиғалғандар «қызметті жүйелеуге арналған кодекс, проблеманы шешпеді. Керісінше жағдайды қиындатты» де отыр.

Кәсіпкерлер бұл кодекс құрылыс жобаларын сараптау нарығын ашық түрде монополиялауға әкеп соғады деп алаңдаулы. Себебі осыған дейін бұл жұмыстарды мемлекеттік емес ұйымдар атқарып келген. Енді сараптау нәтижелерін мемлекеттік ұйым бекітеді.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болса, нормаларды енгізу барысында шет мемлекеттердің тәжірибесін ескердік деп отыр. Құжат негізінен апаттардың алдын алу мен құрылыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Руслан Лепесов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің департамент директоры: — Жаңа заңда жеке сараптама ұйымдарын мүлдем алып тастау деген бап жоқ. Тек нысандардың маңыздылығына қарай мемлекеттік және мемлекеттік емес сараптамаға жатады деп бөлінеді. Мәселен, бес қабаттан жоғары және халық көп жиналатын ғимараттардың жобаларына тек мемлекеттік сараптама жасалады. Себебі бұл қауіпсіздік үшін қажет. Өйткені талай нысандардың қабырғасы құлағанын көз көрді.

Құжат төңірегінде қанша дау болса да, бұл әлі тоқетері емес. Құрылыс кодексі Мәжіліс қарауына түсті. Енді жобаны депутаттар талқылап, одан әрі пысықтайтын болады. Сондықтан өзгерістер енуі де ғажап емес.

 

 

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *