30.01.2025
777

10 миллиард теңге. Бұл 30 мың қазақстандықтың көліктеріне VIP нөмер алуға жұмсаған қаржысы. Мұндай мәлімдемені «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының  баспасөз қызметі жария етті.

Бұл сандар 2022 жылы 7 млрд теңгені көрсеткен.

«010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері — 2023 жылы ең жылдам сатылған нөмірлер. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады» — делінген хабарламада.

Жалпы, 2023 жылы республика бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілген.

Еске сала кетейік, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *