30.01.2025
9087e276c44a560faaee668a9aa728e75d65fdd4

фото рател.кз

Бүгінгі таңда Шымкентте әлеуметке қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлік саласында көптеген жұмыстар атқарылуда. Зейнеткерлер мен мектеп оқушылары автобуста тегін жүретін болып бекітілді. Бұл әлеуметтік дамудың жағымды көріністерінің бірі болса керек. Дәл қазіргі уақытта қалада 80 тұрақты маршруттарда күнделікті 947 автобус жолаушыларды тасымалдауда. Аталған маршруттарға 11 көлік компаниясы қызмет көрсетуде. Жалпы көліктердің саны 1150 бірлікті құрайды, оның ішінде 44 автобус 3 жылға дейін, 1090 автобус 5 жылға дейін және 7 жылдан асқан 16 автобус. Маршруттарда қызмет көрсететін автобустардың 100% GPS треккерлермен жабдықталған. Қолданыстағы 615 автобус отын ретінде сығымдалған газ-метанды, 535 автобус дизель отынын пайдаланады. Қалада автомобильге газ толтыратын екі станциясы қызмет көрсетеді, ағымдағы жылдың соңына дейін «Shymkent Bus» ЖШС автопаркінің аумағындағы үшінші газ станциясын іске қосу жоспарлануда. Осылайша, автобустарды газбен толық және үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. 77 маршрут әлеуметтік маңызы бар маршрут деп айқындалған, ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен субсидиялауға 33,2 млрд. теңге бөлінді. Түзілген шарттардың талаптары негізінде, тасымалдаушылар тарапынан қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасып, ағымдағы жылы 19 жаңа автобус сатып алынды, сонымен қатар «Shymkent Bus» ЖШС-нің 200 автобусты сатып алуға өтінімі «Өндірістік даму қоры» АҚ-мен мақұлданды. Автобустар кезең-кезеңімен 30-40 бірлікпен жеткізіледі, жылдың соңына дейін 100 автобус алып келу жоспарлануда. Тасымалдаушы компаниялардың жауапкершілігін арттыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Басқармамен жасалған шарт талаптарына бір қатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілді: Критериялардың бағалау шкаласында айыппұл көрсеткіші 1,5%-дан 3%-ға дейін ұлғайтылды; ҚР Ұлттық Стандарт талаптарын сақтау; Автобустардың аялдамаға тоқтамау немесе аялдамадан тыс жолаушыларды отырғызу, түсіру талабы бар. Жылдың басынан осы күнге дейін 424,5 млн. теңге үнемделді. Қала тұрғындарының көптеген сұраныстарын зерделеу және талдамалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде (маршрут интервалына, қалыптасқан жолаушылар ағынына, субсидия көлеміне) келесі шешімдер қабылданды: «Тұран», «ШымСити», «Нұртас», «Ақжайық» шағынаудандары арқылы қатынайтын №3 жаңа айналма маршрутты және «Оңтүстік» шағын ауданындағы Бөгет, Қамысты, Баян батыр көшелерімен №4 жаңа маршруттың жұмысы ұйымдастырылды; 22 маршруттың қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілді; жолаушылар ағынының өсуіне байланысты, 17 маршруттың қозғалыс кестелері ұлғайтылды; 9 маршруттың жұмысы сағат 23:00-ге дейін ұйымдастырылды.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *