31.01.2025
469302758_3776656299313218_1859268084353978471_n

ШӨКҚ

Әлеуметтік саланың дамуы әлеуметтің әлеуетін жақсартудағы басқы қадам екені белгілі. Бүгінде денсаулық сақтау саласында осы бағытта көптеген оңды шаралар қолға алынуда. Жуырда Шымкентте босанудағы заманауи скринингтік технологиялар бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген дәрігерлер мен мамандардың басын қосқан халықаралық шеберлік сыныбы өтті. Бұл іс-шара медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізудегі маңызды кезең болды. Оқыту ультрадыбыстық диагностика және акушерлік саласында үлкен тәжірибесі бар Ресейден келген жоғары білікті мамандардың жетекшілігімен өткізілді. Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар ғылымның соңғы жетістіктерімен және жүкті әйелдерді скринингтік тексерудің жаңа әдістерімен таныса алды.
Іс-шараның негізгі бағыты жүктілік кезінде болуы мүмкін асқынуларды дәлірек анықтауға және ұрықтың денсаулығын бағалауға мүмкіндік беретін технологиялар болды. Дәрігерлер тек теориялық лекцияларды тыңдап қана қоймай, сонымен қатар ультрадыбыстық аппаратураны қолдану арқылы жаңа дағдыларды меңгерген практикалық жаттығуларға қатысуға мүмкіндік алды.
Шеберлік сыныбын ұйымдастырушылар мұндай шаралар дәрігерлердің біліктілігін арттыруға ғана емес, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға да септігін тигізетінін атап өтті. Қатысушылар ұйымдастырушыларға тәжірибе және білім алмасу мүмкіндігі үшін, сондай-ақ акушерлік саласындағы өзекті проблемалар мен инновациялық шешімдерді талқылау алаңын құрғаны үшін алғыстарын білдірді. Жүкті әйелдерді скринингтік тексеру ерте кезеңдерде қауіптер мен патологияларды анықтауға мүмкіндік беретін пренаталдық күтімдегі маңызды қадам болып табылады. Шеберлік сыныбына қатысушылар алған білімдері мен дағдылары одан әрі тәжірибеде көмектесетініне, бұл өз кезегінде аймақтағы медициналық көмектің сапасын арттыруға әсер ететініне сенімді. Мұндай іс-шаралар дәрігерлердің кәсіби тәжірибесін байытып қана қоймай, жалпы медицинаның дамуына ынталандыру қызметін атқарады. Акушерлік және гинекология саласына озық технологиялар мен әдістерді енгізуді жалғастыру үшін алдағы уақытта мұндай шараларды жиі ұйымдастыру жоспарлануда. Тәжірибе сабақтарында шет елден келген мамандар заманауи үлгідегі “Voluson Expert” 22 сараптамалық класс аппаратын қолдана отырып, жүктіліктің ерте кезеңіндегі ұрықтың патологиясын анықтаудағы диагностикалаудың жаңа тәсілдерін үйретті. Шымкент қаласындағы перинаталдық базасында ашылған бір күндік клиникасында-жүкті әйелдерге ерте кезеңде диагностикалық және туа біткен ахауларды дер кезінде анықтау бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *