Шымкентте трикотаж шұлық шығару жобасы басталды – «Оңтүстік» АЭА-да «Балаби Текстиль» ЖШС жаңа кәсіпорыны есігін айқара ашты. Жобаның жалпы құны 6,528 миллиард теңгені құраса, өндіріс қуаты жылына 50 миллион жұп шұлық шығарады. Кәсіпорын 260 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қала әкімі мен компания құрылтайшысы өндірісті салтанатты түрде іске қосты, содан кейін қызметкерлер өз қызметтеріне кірісті. «Бұл біздің қаламыз бен облысымыз үшін айтулы оқиға. Осындай заманауи кәсіпорынның ашылуы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, экономиканың дамуына да септігін тигізеді. Біз инвесторларды құптаймыз және олардың жобаларын жан-жақты қолдауға дайынбыз», – деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков. «Балаби Текстиль» ЖШС директоры Асан Балабиев атап өткендей, жобаның болашағы зор. «Біз бұл жобаның табысты болатынына сенімдіміз. АЭА қолдауының және ыңғайлы орналасуының арқасында өндіріс жаңа көкжиектерге жетуде. Өндіріс қазірдің өзінде заманауи жабдықтармен жабдықталған және толық қуатында жұмыс істей бастауға дайын». Жерді қосалқы жалға беру, дайын инфрақұрылым және АЭА преференциялары сияқты мемлекеттік қолдау шараларының арқасында компания нарыққа сәтті шығып, жоғары өсу перспективаларын көрсетуде. 2024 жылдың төртінші тоқсанының соңына қарай өндіріс толық қуатқа шығып, өнімнің алғашқы партиясын шығара бастайды деп күтілуде. Шұлық бұйымдарын өндірумен айналысатын кәсіпорынға 6 жарым млн теңгеден астам қаржы құйылған. Зауыт жылына 24 млн шұлық өндіруге қауқарлы. Дегенмен, үлкен фабрикаға жұмысшы тарту жағы оңай болмай тұр. Сондықтан кәсіпорын басшылары шымкенттіктерді жұмысқа шақырады. Асан Балабиев, «Balabi Textile» зауытының директоры:
«Жұмысшыларды табу оңай болмай жатыр. Қорықпасын келсін жұмысқа дегім келеді. Жалақысы жақсы болады. 180 мың теңге — ең төмен жалақы болады. Ал, орташа жалақы — 300 мың теңге болады. Өзіміз бәрін үйретеміз. Одан бөлек басқа да артықшылықтары бар» Барлық өндірістердің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, жабдықтары орнатылған. Бұл жобалар мегаполистің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, отандық өнімнің үлесін көбейтуге мүмкіндік бермек. Жақын келешекте Шымкент қаласының экономикасына табысты үлес қосатын ауқымды алып компанияға айналары сөзсіз. Оған толық сенім бар. Заманауи ауқымда өте сапалы өнім шығаратын кәсіпорынның қніміне сұраныс мол болатын түрі бар. Отандық өнімді сатып алушылардың қатары әлден ақ көп.