31.01.2025
468746199_1706446916566100_2593522070263343879_n

фото ШӨКҚ

 

 

Бүгінде Шымкентте креативті индустрияны дамытуға ерекше ден қойылған. Қаланың экономикалық дамуына аталған саланың қосар үлесі қомақты екені белгілі.  Осы саланы қолдау және дамыту бастамасы аясында Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы Креативті индустрия қауымдастығымен бірлесе отырып, 20 талантты қолөнершілер қатысқан кезекті жәрмеңке ұйымдастырды. Бұл шара қаланың жасампаздық әлеуетін ілгерілетудегі маңызды кезең болды. Креативті индустрия өнер, дизайн, сән, музыка және т.б. салалардың кең ауқымын қамтиды. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестиция тартуға, жергілікті бизнесті дамытуға септігін тигізіп отырған бұл саланың Шымкенттің экономикалық дамуына қосқан үлесі күннен-күнге артып келеді. Қала орталығында ұйымдастырылған жәрмеңке қолөнершілер мен шығармашылық тұлғалардың басын қосып, өздерінің бірегей өнімдері мен қызметтерін ұсынды. Келушілер суретшілермен, қолөнершілермен және дизайнерлермен араласып, олардың жұмысын жасау процесімен танысып, әрине, бірегей тауарларды сатып ала алады. Бұл жергілікті тауар өндірушілердің танымал болуына ықпал етіп қана қоймай, тұрғындар мен туристерге өңірдің мәдениеті мен дәстүрін сезінуге мүмкіндік берді. Іс-шараны ұйымдастырушылар креативті индустрияның өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Шымкентте жас таланттар өз идеялары мен жобаларын жүзеге асыра алатын түрлі шығармашылық кеңістіктер қазірдің өзінде дамып келеді. Бұл саланы дамытуда мемлекет пен жеке сектордың қолдауы басты рөл атқарады. Сонымен қатар, шығармашылық салалар қаланың оң имиджін қалыптастыруға, туристер мен инвесторларды тартуға ықпал етеді. Жәрмеңкелер, көрмелер мен фестивальдер шығармашылықты жүзеге асыру алаңы ғана емес, Шымкенттің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаларға айналады. Шымкенттегі креативті саланың дамуы жергілікті шеберлердің, кәсіпкерлердің алдынан жаңа көкжиектер ашып, экономиканың өркендеуіне қолайлы жағдай туғызуда. Жәрмеңке сияқты іс-шаралар қоғамды нығайтуға және жаңа жетістіктерге шабыттандыруға көмектеседі. Шымкенттің Қазақстандағы жасампаз экономиканың орталықтарының біріне айналуға толық мүмкіндігі бар және бұл бағыттағы күш-жігер өз жемісін беретіні сөзсіз.

 

 

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *