Қазақстанның үшінші ірі қаласы болып табылатын Шымкент өзін инвестициялық белсенділіктің маңызды орталығы ретінде сенімді түрде дәлелдеп келеді. Жыл сайын тартылған инвестиция көлемі артып келеді, олардың қатарында өңірдің экономикалық келбетін өзгерте алатын ірі жобалар да бар. Елеулі жобалардың бірі – «Аларко Холдинг» түрік компаниясымен серіктестікте заманауи жылыжай кешенінің құрылысы. Бұл ауқымды жоба 650 га жерді алып жатыр және 650 миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияны қажет етеді. Бірінші кезең аясында 208 гектар жерде жерді дайындау жұмыстары басталып кетті, бірінші кезеңнің жалпы құны 226 миллион долларды құрайды. Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кешен аумағында ауданы 500 га жылыжай, қалған 150 га жерде оқу корпусы, қойма, зертхана және жатақханалар салынады. Сонымен қатар, өткен аптада Польшаның Fabe Polska компаниясымен құны 200 миллион АҚШ долларын құрайтын 150 гектар аумақта жоғары технологиялық жылыжай салу туралы келісімге қол қойылды. Бұл жоба жылына 36 мың тонна қызанақ пен қияр өндіруге, сондай-ақ 800-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл жобалар Шымкентке өсіп келе жатқан инвесторлардың қызығушылығын және оның ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін көрсетеді. Заманауи технологиялар мен инвестицияның қомақты көлемдері ауыл шаруашылығын дамытуға ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде қала экономикасына оң әсерін тигізеді. Шымкент ауылшаруашылық инновацияларының орталығы ғана емес, өсіп келе жатқан нарықта өз жобаларын жүзеге асыруға ұмтылатын инвесторлар үшін тартымды алаңға айналуда. Әрбір жаңа келісім мен инвестициялық жобамен қала бизнес пен жергілікті экономиканың дамуы үшін жаңа көкжиектер ашып, Қазақстанның инвестициялық аренасындағы маңызды ойыншы ретіндегі позициясын нығайтып келеді. «AKSA energy» компаниясымен құны 700 млн АҚШ доллары болатын қуаттылығы 500 МВт бу газ қондырғысын салу. Жобаны іске асыру арқылы қала тұрғындары сапалы электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі. Тағы бір ірі жоба «INTERTRANS» компаниясымен 150 млн АҚШ долларына мұнай өнімдерін терең өңдеу арқылы ұнтақталған полипропилен өндіретін завод салу. Жобаны іске асыруға 30 гектар жер телімі бөлінді. Осылайша еліміздің үшінші мегаполисі инвестиция орталығына айналып келеді. Алдағы уақытта инвесторларды қызықтырарлықтай көптеген жоспарлар жобада тұр.