Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Өңірлік кеңес делегаттарының сайлауы өтеді. Үміткерлердің құжаттарын қабылдап, тіркеу 2024 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
Үгіт-насихат жұмыстары 2025 жылдың 8-19 қаңтары күндері,
ал сайлау 2025 жылдың 20-22 қаңтары күндері өтеді.
Өңірлік кеңеске делегаттарды сайлау бойынша Палата жанындағы 9 салалық кеңестің отырыстарында айтылып, кеңес мүшелеріне толық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Өңірлік кеңес мүшелерінің саны – 25 адам.
Делегаттар Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы салалық кеңестердің мүшелерінің арасынан, сонымен қатар, Палатада аккредиттелген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және қауымдастықтардың бірінші басшылары мен атқарушы органы мүшелерінің арасынан таңдалады.
Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:
• Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
• салалық немесе аудандық кеңестің мүшесі, немесе Өңірлік кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген қауымдастықтың атқарушы органының мүшесі болуы тиіс;
• соңғы 3 айда салық қарызы болмауы тиіс;
• заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы болмауы тиіс.
Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеуге қажет құжаттар:
1. жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысын немесе атқарушы органының мүшелерін кандидат ретінде ұсыну туралы өтініш (салалық санатын көрсету);
2. кәсіпкерлік субъектісінің жарғысы және/немесе құрылтай шартын көшірмесі (болған жағдайда);
3. кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат;
4. кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
5. кандидаттың атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжат (акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін);
6. кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7. үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоғын растайтын анықтама;
8. кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы анықтама (заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама немесе бағалы қағаздар туралы бірыңғай тіркеуші туралы анықтама — тек акционерлік қоғамдар үшін);
9. сотталмағаны туралы анықтама.
Қауымдастықтан (одағынан), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымнан Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттарды тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
1. қауымдастықтың (одағының), кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның Өңірлік кеңеске өзінің бірінші басшысын немесе атқарушы органның мүшесін ұсыну туралы өтініші;
2. қауымдастықтың Өңірлік палатаның аккредитациясын растайтын құжаты;
3. қауымдастықтың кандидаттың түйіндемесі немесе биографиялық мәліметтері;
4. қауымдастықтың кандидаттың бірінші басшысы немесе атқарушы орган мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжаты;
5. қауымдастықтың кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
6. қауымдастықтың үш айдан аспайтын мерзімде мемлекеттік кірістер органдары жүргізетін салық қарызының жоғын растайтын анықтама;
7. сотталмағаны туралы анықтама.
Кандидаттарды ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 10-24 желтоқсан аралығында, үгіт-насихат жұмыстары – 2025 жылдың 8-19 қаңтары аралығында, ал дауыс беру 2025 жылдың 20-22 қаңтары аралығында өтеді.
Құжаттарды қабылдау мекенжайы: Шымкент қаласы, Ерімбетов көш, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы, байланыс нөмірі – 1432, 8 707 444 27 20 (Әзілхан Жаримбетов).