30.01.2025
2024-11-30_19-49-58

фото ШӨКҚ

Үшінші мегаполисте қоғамдық саяси даму бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Күні кеше Шымкент қаласындағы “Көрме” орталығында «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының 30 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламент Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, мәслихат депутаттары, мәслихат ардагерлері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері қатысты. Шымкентте осыған орай салтанатты шара өтіп, қала басшысы қоғам қайраткерлеріне, еңбек ардагерлері мен мәслихат ардагерлеріне мерейтойлық төсбелгілерді табыс етті. Бұл іс-шара ұзақ жылдар бойы қоғам игілігі үшін еңбек етіп, қаланың дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін атап өтудің маңызды кезеңі болды. Марапаттарды тапсыру олардың адал еңбегі үшін құрмет пен алғыстың символына айналды. Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов өз сөзінде мәслихаттың қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолын басып өткен жергілікті өзін-өзі басқару институты ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Ол мәслихаттың тарихына тоқталып, түрлі шақырылымдарда оның құрамына өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру, бизнес және мәдениет салаларының көрнекті өкілдері қатысты. Олардың әрқайсысы қаланың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге үлес қосты. Нарымбетов мәслихаттың жұмысы жергілікті деңгейде шешім қабылдау процесінің, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны қалыптастырудың маңызды бөлігі болып табылатынын ерекше атап өтті. Шымкент қаласын бірлесіп дамыту және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында белсенді азаматтармен және қоғамдық ұйымдармен алдағы уақытта да ынтымақтастық орнатуға сенім білдірді. Қала әкімі көпшілікті мерейтоймен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады. «Мәслихаттың қоғамдағы рөлі қашан да жоғары. Мәслихат жергілікті өкілді орган ретінде халық пен билік арасында алтын көпір. Шымкент қаласы мәслихатының әр шақырылымдағы депутаттары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асуда. Президент мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың мүқтаждықтарын бірлесе шешу міндетін қойды. Шымкент қаласы мәслихаты барлық мәселелер бойынша қала әкімдігімен бірлесіп, нәтижелі қызмет атқарып келеді. Баршаңызды осынау мерейтоймен құттықтаймын», — деді қала әкімі.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *