Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары өңір экономикасының дамуына айтарлықтай әсер етуде. Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеңілдетілген несиенің маңызы зор. Осы несиенің арқасында көптеген кәсіпкерлер бизнесін өрге домалатып отыр. Өз кәсіптерін қарқынды дамытуда. Шымкентте мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер қала экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосты. Олардың қызметінің нәтижесінде 11,2 мың жаңа жұмыс орны ашылып, төленген салық түрінде қала бюджетіне 316 млрд теңге түсті. Бұл көрсеткіштер экономиканың тұрақты дамуы үшін шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларының маңыздылығын көрсетеді. Биылғы жылы Шымкент кәсіпкерлерінің қарқынды дамуына жол ашып отыр. Қазына қоржынын қомақтыландыруда олардың еңбегі зор. Кәсіпкерліктің өсуіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі жеңілдетілген несиелендіру болып табылады. Бұл құрал көптеген кәсіпкерлерге бизнесін кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай кәсіпорындардың табысты мысалдары бизнес-идеяларды жүзеге асыруда және жаңа жұмыс орындарын құруда қолда бар қаржылық ресурстар шешуші рөл атқаратынын көрсетеді. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үсен Исаев басқарманың оңайлатылған несиелендіру бағдарламасының қаржылық операторы болып табылатын «Даму» қорымен әріптестік қарым-қатынасты нығайту бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Келер жылы бұл саланы одан әрі дамыту жоспарлануда, бұл кәсіпкерлер үшін несиенің қолжетімділігін арттырып, олардың кәсіпкерлік қызметін кеңейту бастамаларына қолдау көрсетеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламалары экономиканың дамуына ғана емес, өңірдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ықпал етеді. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартады, ал бюджетке түсетін салықтар маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпкерлікті қолдау Шымкент билігінің басым бағыты болып қала береді. Жеңілдетілген несиелендіру, қаржы институттарымен серіктестік және бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимыл – мұның барлығы бизнестің және соның нәтижесінде жалпы облыс экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды.