19.04.2026
photo (2)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын тапсыру кезінде берген тапсырмалары аясында Үкімет шағын және микробизнесті қолдауға арналған жаңа «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті. Бағдарлама «Атамекен» ҰКП және AMANAT партиясымен бірлесіп әзірленген.

«Іскер аймақ» бағдарламасы өңірлердегі, әсіресе ауылдар мен шағын қалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бағдарлама тек несие берумен шектелмей, тұрақты өндірістер құруға, бизнес ауқымын кеңейтуге және жергілікті экономиканы күшейтуге басымдық береді.

Бағдарлама үш бағытта іске асады:
– қаржылай қолдау (субсидия, кепілдік, жеңілдетілген несие);
– қаржылай емес қолдау (оқыту, консультация, сүйемелдеу);
– инфрақұрылым (өндірістік алаңдар, ғимараттар мен жер телімдері).

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында жыл сайын 400 млрд теңгеге дейін қаржы бағытталып, бір жобаға 200 млн теңгеге дейін несие беру көзделген. Өтінімдер egov.business және Damu Online арқылы қабылданады, ал шалғай өңірлер үшін мобильді кеңселер жұмыс істейді.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *