31.01.2025
WhatsApp Image 2024-11-30 at 19.37.51

фото ШӨКҚ

Шымкентте инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтуға бюджеттен 60 млрд. теңге қаралды. Ал былтыр осы бағытта 46,8 млрд. Теңге жұмсалған еді. Осылайша биыл 2023 жылмен салыстырғанда бөлінген қаражаттың көлемі ұлғайды. Айырма сомма 13,2 млрд теңгеге жетті. Көлік қозғалысын реттеуге жұмсалған қаржыны арттыру себебі қаладағы автокөліктер ағынының артуы.

Нақтырақ айтқанда, ресми түрде тіркелген көліктер саны 460 мыңнан асты. Одан бөлек, облыс аумағынан күн сайын 100 мыңға жуық көлік қатынайды.  Бұл қаланың жол инфрақұрылымына едәуір жүктеме түсіруде.

Сондықтан қаланың маңызы бар көшелерін кеңейту, жөндеу жұмысы қарқын алды. Бірінші кезекте қаланың транзиттік өткізу қабілетін арттыратын Қонаев даңғылының жалғасы, А-2 автомобиль жолын қайта құру, Оңтүстік айналма жолдарының құрылыстарына басымдық берілген.

Қазірге дейін нынанның 16 шақырым болатын Оңтүстік айналма жолы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін А-2 айналма жолының тағы 3,7 шақырымын толығымен аяқтау жоспарда бар. Жалпы жолдың 15,4 шақырымына асфальт төселіп, көліктердің жүруіне жағдай жасалмақ.

Негізгі жоспар негізінде құрылысы басталған  384 шақырым жолдың, биыл 286 шақырымы пайдалануға беріледі. 2023 жылғы статистика бойынша өткен жылғы меже 232 шақырымды құраған. Мамандар мәліметінше, көзделген жұмыс нақты уақытында аяқталса, жыл соңына дейін қаладағы жақсы жолдардың үлесі 71 пайыздан 75 пайызға артатын болады. Дейтұрғанмен мәліметтер өзгеруі мүмкін. Жауаптылар жолды жөндеу аздық ететін жеткізді. Сөздерінше, ауыр ауыр жүк көліктері жолдарға жүктеме түсіріп, жолдың тез бұзылуына әсер етіп отыр.

Сондықтан, бірінші кезекте қалаға кіретін 3 негізгі  бағыттағы көшелерге рұқсат етілген салмақтан артық жүк тиеген автокөліктерді автоматты түрде анықтайтын жүйе іске қосылмақ. Мұндай заманауи жүйелер келешекте қалған бағыттарға да орнатылуы мүмкін. Бұл шаһар жолдарының жыл өткей тоз-тозы шығып кетпеуіне кепіл болады дейді әкімдік.

Сонымен қатар, соңғы мәлімет бойынша биыл алғаш рет барлық көше желісіне ревизия жүргізіліп, цифрлық паспортизациядан өткізілген. Нәтижесінде, көшелер саны 4 199-дан 6 714-ке дейін,    ал оның ұзындығы 3 248 шақырымнан 3 899 шақырымға дейін ұлғайды.

Одан бөлек, көлік ағымын реттеп, кептелісті азайту мақсатында 238 бағдаршам интеллектуалды көлік жүйесіне қосылуда.

Көлік қозғалысы саласында атқарылған жұмыс мұнымен бітпейді. Соңғы уақытта жол апаты көбейіп, мәселені шешу өзекті болып келген Шымсити, Тұран шағын аудандарының көше қиылыстарына  38 бағдаршам орнатылады.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *