23.04.2026
Жібек жолы (2)
2025 жылдың І жарты жылдығында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым жағдайы және алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде тұрғындар өзекті мәселелерін ортаға салып, ауыл тіршілігін жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Биылғы қаңтар-мамыр айларында ауыл округінде 22,76 млн теңге бюджет қаржысы игеріліп, салық түсімдері 4,96 млн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы саласында 1505 гектар жерге егіс егілді. Мал басы 12 мыңнан асып, 59 шаруа қожалығы тіркелді. Өндірілген өнімдерді облыстық, қалалық және шетелдік нарыққа шығару жоспарлануда.
Сонымен қатар, ауыл округінде 5 гектар жерге өндірістік аймақ құру және 10 гектар аумақта мал бордақылау алаңын ашу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жобалар кәсіпкерлікті дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.
Аудан әкімі ауылдың даму әлеуетіне тоқталып, тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтты. Мақсат Таңғатаров Жібек жолы ауыл округінде инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау, білім, медицина, тазалық пен абаттандыру салаларында жоспарлы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Әкіммен кездесуде тұрғындар жол, ауыз су, әлеуметтік нысандарды жөндеу, жұмыспен қамту және санитарлық тазалық мәселелерін көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Аудан басшысы барлық көтерілген сұрақ бойынша жауап беріп, алдағы уақытта оларды кезең-кезеңімен шешу жоспарларын ұсынды.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *