19.04.2026
68393ab1e6112

Өңір басшысы жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Сауран ауданындағы Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендерінде ауыз су құбырлары жүргізіліп жатыр. Сауран ауданында елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу үшін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Шорнақ және Қосмезгіл елді мекендерінде болды. Өңір басшысы жұмыс барысында мердігер мекеме өкілдерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Шорнақ елді мекенінде сумен жабдықтау құрылысы жүзеге асуда. Жоба аясында жалпы ұзындығы 50,34 шақырымдық су құбыры желісі тартылып, 137 үй таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Ал, Қосмезгіл елдімекенінде жалпы ұзындығы 117,8 шақырым су құбыры тартылып, 586 үйге таза ауыз су жеткізу жоспарлануда. Нысандарды аралау барысында аудан әкімі мердігер ұйымдардың жұмысына ерекше назар аударып, құрылыс сапасы мен мерзімдік талаптардың қатаң сақталуын ескертті.

Тағы бір атап өтер жайт, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапарымен Үшқайық ауылдық округіне барды. Сапар аясында С.Қожанов елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, елді мекенді таза ауыз сумен қамту бағытында қолға алынған жобаның жүзеге асу барысын бақылап қайтты.

Елді мекенде тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында ауыз су жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі — Сауран ауданы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі. Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жалпы ұзындығы 20,9 шақырым болатын су құбыры толығымен жаңартылып, 235 абонентке таза ауыз су үздіксіз жеткізілетін болады. Сондай-ақ 2 мектеп, 1 балабақша, мешіт және зертхана секілді әлеуметтік нысандар да сапалы сумен қамтылады.

Аудан басшысы құрылыс нысанына барып, мердігер мекеменің өкілдерімен кездесіп, жұмыс сапасына қатысты нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, жобаның мерзімінде және сапалы орындалуын қадағалауды жауапты сала басшыларына жүктеді.

Бұл жоба – халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, тұрмыстық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Су — тіршіліктің көзі. Сондықтан аудан әкімдігі тарапынан ауыз сумен қамту мәселесі әрдайым басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылып келеді.

Айта кетейік, С.Қожанов елді мекеніндегі бұл жоба Сауран ауданындағы халықтың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі болып отыр.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *