19.04.2026
жедел жәрдем

Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына операция жасалды, қазіргі таңда оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мәлімдеді.

“Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды. Операция барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ”, – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев.

Дәрігерлер пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағамдап отыр. Науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажет медициналық көмекті алуда.

Пікір қосу

Ваш адрес email не будет опубликован. Міндетті өрістер белгіленген *