Қазақстан Республикасының әуесқойлар футбол лигасының тоғызыншы чемпионаты елордамыз Астана қаласында жалауын көтерді. Ауқымды додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 команда қатысып, өзара бақ сынауда.
Бұл сында Сауран ауданының намысын қорғап жатқан екі команда алғашқы ойындарын сәтті өткізіп, үздік нәтижелер көрсетті.
Атап айтар болсақ, “Rayyan Orangai” командасы жергілікті “Qalqan” командасымен тартысты ойын өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Жанкүйерлерді қуантқан тағы бір матчта “FC Qarashyq” командасы Алматының “MFC Bek-Sultan” командасын 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Бұл жеңістер Сауран ауданындағы футболдың дамып келе жатқанын көрсетеді. Қос командаға алдағы ойындарда сәттілік тілейміз. Жеңіс жолында табандылық танытып, чемпионаттың ең үздік ұжымдарының қатарына қосылады деп сенеміз.