Қазақстанда 17 наурыздан бастап жұмысшы мамандық иелері тұрғын үйге өтінім бере алады. Өтінімдер Банк бөлімшелерінде қабылданады.
Өтінімді қалай беру керек?
- Банк филиалына жүгіну;
- Жұмыс орнынан анықтама ұсыну (үлгісі otbasybank.kz сайтында жарияланады)
Бағдарлама келесі салалардағы жұмысшы мамандық иелерін қолдайды:
- өнеркәсіп
- энергетика
- көлік
- ауыл шаруашылығы
- су ресурстары
Ал кеңсе қызметкерлері (PR-менеджерлер, бухгалтерлер және т.б.) қатыса алмайды.
Қатысу шарттары:
1. Отбасы банкінде депозит ашу (егер әлі ашылмаған болса);
2. Депозитті 2 млн теңгеге дейін толықтыру (өтінім берер алдында толық соманы енгізуге болады);
3. Соңғы 5 жыл ішінде өзіңізде және отбасы мүшелеріңізде үйдің болмауын тексеру;
4. Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау. Отбасы мүшелері – жұбайы/зайыбы және кәмелетке толмаған балалары. Егер үміткер некеде тұрмаса, тек өзі тексеріледі.
Несие шарттары:
Астана және Алматы – 36 млн тг дейін
Облыс орталықтары – 30 млн тг дейін
Тұрғын үй Baspana Market порталы арқылы бекітілген бағамен сатып алынады.
Ауыл аймақтар мен моноқалаларда екінші нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі бар.
Бастапқы жарна – 10%-дан бастап, егер пәтер таза әрлеуде болса.
Несие мөлшерлемесі:
7% (СЖТМ 7,1–9,6%) – әлеуметтік осал топтардағы азаматтар үшін, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға;
9% (СЖТМ 9,4–13%) – барлық басқа үміткерлер үшін;
Несие мерзімі – 19 жылға дейін.
Қандай пәтерлерді сатып алуға болады?
Бірінші нарықтағы тұрғын үй – Астана, Алматы және облыс орталықтарында;
Бірінші және екінші нарықтағы тұрғын үй – моноқалалар мен ауылдық елді мекендерде (бөлінген қаражаттың 30%-ына дейін).
Өтінімдерді қабылдау 17 наурызда басталады.