Экономикалық көрсеткіштердің жоғарылауымен қатар әлеуметтік салада да ілгерілеушілік бар. Мәселен, білім ошақтарын салуда қалада бір қайнауы жетілген жобалар қолға алынуда. Ел Президентінің бастамасына сәйкес және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қаламызда жаңа білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Барлығы 28 мың оқушыны қабылдайтын 18 мектеп салу жоспарлануда. Бұл білім сапасын арттыруға және оқуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған елеулі қадам. Қазіргі уақытта 3200 орындық екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Он білім ошағы салынып жатыр, ал қалған алты мектептің құрылысы 2025 жылы басталады. Бұл жұмыс істеп тұрған білім беру мекемелерін айтарлықтай жеңілдетеді және көбірек балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» бағдарламасы аясында үш мектептің құрылысы қарастырылып, оған 7,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2024 жылы аяқталатын 325 орындық No39 мектепті, сондай-ақ 2025 жылы тапсыру жоспарланған 575 орындық мектепті және Тельман шағынауданындағы 1200 орындық білім беру мекемесін аяқтау бар. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің жеке инвестициясының арқасында қазірдің өзінде қалада 2800 орындық бес мектеп, оның ішінде Қ.Сәтбаев атындағы білім ошақтары, Самал Мектебі, Қазыбек атындағы, «Мөлдір» ЖШС және «Зерде» мектеп лицейі пайдалануға берілді. Бұл білім алудың қолжетімділігіне және оқушылар үшін бәсекеге қабілетті ортаның қалыптасуына оң әсер етеді. Жұмыс істеп тұрған оқу орындарын жаңғырту мәселесі де назардан тыс қалмайды. Ағымдағы жылы төрт мектеп (No8, 80, 120 және 48) мен бір колледжді (ауыл шаруашылығы) күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда, олар жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жұмыстар оқу жағдайын жақсартуға және оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сондай-ақ, «Тұран» шағын ауданындағы Оқушылар сарайының құрылысы соңғы сатыда екенін атап өткен жөн – жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Бұл мекеме балалардың бос уақытын және қосымша білім алуын ұйымдастырудың қосымша алаңына айналады. Осылайша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру жоғары сапалы білім беру инфрақұрылымын құруға септігін тигізеді, бұл өскелең ұрпақтың болашағына және өңіріміздегі білім саласының дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Әлеуметтік салаға оң серпін беріп жатқан ұлттық жобалардың маңызы зор болып тұр. Әсіресе білім саласында аталған бағдарламалардың қосар үлесі қомақты.