2024 жылдың желтоқсан айынан бастап Шымкентте арнайы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларды қолдауға бағытталған пилоттық жоба басталады. «QazaqGaz Aimaq» АҚ қала әкімінің көмегімен азаматтарға eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ваучер түріндегі газға ай сайынғы жеңілдіктер алуға мүмкіндік беретін жаңа жүйені енгізуде. Әлеуметтік әмиян деп аталатын жобаның берері көп. Аталған жоба аясында атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газға жеңілдіктер туралы 1414 нөмірінен SMS хабарламалар арқылы хабардар етіледі. Хабарламалар 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың сәуіріне дейін ай сайын жіберіледі. Жеңілдікті алу үшін тұтынушыларға ваучерді 25 желтоқсанға дейін Social Wallet қызметіне қосу жеткілікті. Көмек көрсету жүйесі азаматтардан баспана алу үшін құжаттарды талап етпейді. Бар болғаны өтініште тұрғылықты мекенжайыңыздың банктік шотын көрсетсе болғаны. Бұл көмек алу процесін айтарлықтай жеңілдетеді және оны қолдауды қажет ететін көбірек адамдар үшін қолжетімді етеді. Газға жеңілдік тұтынылатын газдың болжамды мөлшерінің 24% жетуі мүмкін. Жеңілдік әкімшілік бекіткен тұтыну нормаларына сәйкес беріледі, бұл азаматтарға коммуналдық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен бүгінде көптеген жобалар қолға алынуда. Соның бірі де бірегейі «QazaqGaz Aimaq» АҚ бастамасымен қолға алынған пилоттық жоба болып отыр. Осы жоба аясында халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған жаңа бағдарламаны жүзеге асыру басталмақ. Арнайы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушылар «Social Wallet Service» компаниясы әзірлеген eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ваучер түрінде алуға болатын газға ай сайынғы жеңілдікті пайдалана алады. Жақында басталатын бұл бастама бес айға созылады және мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы маңызды қадам болмақ. Ол экономикалық тұрақсыздық пен коммуналдық қызметтер бағасының өсуі жағдайында әсіресе маңызды болып табылатын халықтың ең осал топтарын қолдауға бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық прогресс, әлеуметтік оптимизм» атты Жолдауында айтылған кең ауқымды стратегияның бір бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігіне баса назар аударды, бұл әлеуметтік жауапкершілік пен әрбір қазақстандыққа деген қамқорлықтың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті. Мобильді қосымша арқылы ваучерлік жүйені енгізу көмек алу процесін айтарлықтай жеңілдетіп, азаматтарға қолжетімді етеді.