Бүгінде Шымкент қаласында әлеуметтік даму бағытында көптеген оң өзгерістер орын алуда. Қалада көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтің әлеуеттік жағдайы көтеріліп келеді. Жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген шаралар қолға алынуда. Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен ерекше байқау өтті. Аталған байқаудың басты мақсаты — жұмыссыз азаматтарды кәсіптік білім алуға ынталандыру және жұмыс берушілермен байланысты нығайту болып табылады. Бұл шара қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларына қатысушылардың кәсіби біліктілігін бағалап, үздіктерді анықтауға бағытталды. Байқауға тігінші, аспаз, кондитер, шаштараз және маникюр мамандықтары бойынша 9 оқу орталығының шәкірттері қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Тапсырмалар ішінде фартук тігу, паста әзірлеу, вупи-пай тәтті торт пісіру, шаш үлгісін жасау және маникюр рәсімдерін орындау сияқты кәсіби дағдылар қамтылды. Байқау қатысушылардың таланттары мен дағдыларын көрсетуге, сондай-ақ олардың қабілеттеріне деген сенімін арттыруға тамаша алаң болды. Оқу орталықтарының тәрбиеленушілері әртүрлі сайыс тапсырмаларында өз шеберліктерін көрсете білді, бұл көрермендердің ғана емес, әлеуетті жұмыс берушілердің де назарын аударды.
Әрбір қатысушы өздерінің шеберлік деңгейін және тапсырмаларды орындаудағы шығармашылық көзқарасын бағалаған тәжірибелі төрешілерден кері байланыс алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, бұл іс-шара оқу орындары мен бизнес арасында байланыс орнатуға ықпал етті, бұл өз кезегінде түлектердің табысты еңбек интеграциясына әкелері сөзсіз. Байқау сонымен қатар біліктілік пен табысты жұмысқа орналасудың шешуші факторына айналды. Бұл өз кезегінде кәсіптік білім берудің маңыздылығын көрсетсе керек. Осындай бастама түрлерінің нәтижесінде азаматтар жаңа перспективаларды ашып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыра алды. Қатысушылар қысқа мерзімді оқыту бағдарламасында небәрі бір ай білім алғанына қарамастан, жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетті. Байқау оқу орталықтары мен жұмыс берушілер арасында әріптестік орнатуға мүмкіндік берді.
Жеңімпаздар мен үздік орталықтар қатарында «Шебер тігінші» номинациясы – «Tumar Textile» ЖШС оқу орталығы, «Кемеңгер аспаз», «Креативті кондитер», «Эксклюзивті шаштараз», «Маникюр шебері» номинациялары – «RECOMP» ЖШС оқу орталығы болды. Бұл байқауды өткізудегі негізгі мақсат та сол — жұмыссыз азаматтарды кәсіби тұрғыда дамыту арқылы олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған болатын. Байқау өз миссиясын жоғары деңгейде орындады.