Шырайлы қала атағына ие Шымкент қаласында әлеуметтік салалардың дамуы қарқын алып келеді. Мәселен, мәдениет саласында ілгерілеушілік басым. Биылғы жылы яғни, 2024 жылға 1 мәдениет нысанын салу жоспарланған болатын. Есепті кезеңде 4 мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ғимараттың жиһаздармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет үйлерінің ғимараты 2 қабаттан тұрады, оның ішінде кітапхана, оқу және спортпен жаттығу залы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық торап орнатылған. Қаладағы Абай ауданы, Көкбұлақ тұрғын алабындағы «Көкбұлақ клубы», қаржысы 378 млн 242,0 мың тг, Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «Қайнарбұлақ клубы», қаржысы 298 млн 217,0 мың тг. Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе клубы», қаржысы 305 млн 551,0 мың тг., Қаратау ауданы, Өтеміс тұрғын алабындағы, «Өтеміс клубы», қаржысы 386 млн 369,0 мың тг. Салынып бітіп, ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, Мәдениет объектілерін жөндеу жұмыстары да қарқынды жүргізілді. 2024 жылға 15 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді. Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны да көп. 2024 жылдық жоспарда 1 жоба бекітілген. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында, Орталық саябағында «BalaShym» өнер фестиваліне қала көлемінен шығармашыл балалар жиналып,
4 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шымкент қаласын дамыту бойынша жасалған тиімділіктің негізгі көрсеткішіне Архивтік құжаттарды цифрландыру жұмыстары жүргізілді. 2024 жылдық жоспарда 600 000 парақ саны, орындалуы 1717 сақтау бірлігінің 502 742 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді. Архивтік құжаттар қорын ұлғайту бойынша 2024 жылдық жоспарында 6 150 сақтау бірлігі, орындалуы 5 150. «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бойынша
2 жинақ шықты. Олар: Шымкент қалалық мемлекеттік архивіндегі жеке тектік құжаттар негізінде «Шымкент қаласының дамуына үлес қосқан әр саладағы үздіктер» және «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінің жинақтары. 2024 жылдың 4-6 маусым аралығында Қазақстандағы Өзбекстан архивтерінің күндері ұйымдастырылды. Іс-шара аясында «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Қазақстан және Өзбекстан: екі ел арасында архив саласын дамыту аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.