Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте донорлық туралы айтып, өзі де ағза донорлығына келісім беретінін жария етті.
Мәйіт донорлығы — көп елде проблема. Бұл жерде мәселе медициналық емес, моральдық-этикалық проблемалар бар. Азаматтар өлгеннен кейін ағзаларын тірі қалдыруға дайын болуы керек. Денсаулық сақтау министрлігінде электронды тіркеу бар, онда кез келген азамат электронды үкімет арқылы өз ниетін, таңдауын білдіре алады. Бүгінде 40 мың қазақстандық өз ұстанымын білдірген, оның 15 пайызы келіскен, — деді министр.
Қазір ведомство жаңа заң жобасын жазу үшін жан-жақты ақпарат жинап жатқан көрінеді. Ажар Ғиният бұқара ішінде ақпараттық түсіндіру кеңінен жүргізелетінін атап өтіп, елдегі трансплантацияның артықшылығына тоқталды. Мәселен, өткен айда екі донор тоғыз адамның өмірін сақтап қалған екен.