31.01.2025
news_full162998065718f4a259734e378748c96bc205c91cef

стан.кз

Әлеуметтің әлеуеттік жағдайы жақсы болуы үшін спорт саласына көптеп көңіл бөлінуде. Ол үшін бүгінде үшінші мегаполисте көптеген спорт нысандары салынуда. Шымкент қаласындағы бұқаралық спорттың дамуы спорттық инфрақұрылымға байланысты. Қазіргі уақытта, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені пайдалануға берілді. Спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар. Ал, қалалық №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысын және «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысын аяқтап, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ «Орталық» саябақта орналасқан Шахмат үйіде желтоқсан айының басында пайдалануға беріледі. Оған қоса, ағымдағы жылдың сәуір айында №15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі спорт нысанының құрылысы басталды. Құрылыстың жалпы құны 1,7 млрд теңге, аяқталу мерзімі 2025 жыл. Сонымен қатар, бүгінгі таңда сыйымдылығы 35 мың адамды құрайтын FIFA талаптарына сәйкес келетін жаңа футбол стадионы құрылысы басталды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жер телімін тегістеу және қоршау жұмыстары жүргізілуде. Қаланың Тұран шағын ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт кешені» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізу жоспарлануда. Нысанның құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Қазіргі уақытта, қала орталығынан шалғай орналасқан елді мекендерді спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жер телімдерін қарастырып, заңдастыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Тұран ауданы, Ақтас тұрғын алабы, Еңбекші ауданы, Бадам-2 тұрғын алабы. Сонымен қатар қала тұрғындары үшін пайдалануға берілетін спорт нысандарының құрылысын жүргізуге жер телімдері анықталып, құжаттарын заңдастыруға тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ:
Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің жанында орналасқан жер телімі,
Қызылжар шағынауданында орналасқан 2,1 га жер телімі Көкбұлақ тұрғын алабында орналасқан Жыл басынан қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен шұғылдануға тарту мақсатында қала аумағында 257 спорттық (Халықаралық, Республикалық, қалалық, бұқаралық) іс-шаралар өткізіліп, оған 31 000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде «Аула чемпионаты» (34 жерде өткізіліп, жалпы 1200 ден аса балалар және осы іс-шараны өткізуге 80 астам спорт қызметкерлері жұмылдырылды. «Аула чемпионаты» жүйелі түрде өткізілуде), Ардагерлер арасында бильярд, шахмат, үстел теннисі спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Жылдың соңына дейін мектеп оқушылары арасында «Шымкент жастар Лигасы», жас ерекшеліктері бойынша футболдан лига жарысы, спорт мекемелері қызметкерлері арасында спартакиада жарысы, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері арасында спорт түрлерінен спартакиада жарыстары, веломарафон, «Тартыл фест», ардагер арасында волейболдан турнир т.б. спорттық іс-шаралар өткізіп, 20 мыңға жуық адамның қатысуы жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *