Шағын және орта кәсіпкерлік кез келген аймақтың экономикасында маңызды рөл атқарады және Шымкент қаласында кәсіпкерлердің саны өзге өңірлерге қарағанда өте көп. Соңғы жылдары біз бұл салада айтарлықтай оң өзгерістерді байқалады, бұл әрине қуантады және алдағы жетістіктерге шабыттандырары сөзсіз. Бүгінде қаламызда 136 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі бар, олар 226 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл қуантарлық сандар және ШОБ-тің жергілікті экономика үшін маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ШОБ қаланың жалпы өнімінің 56 пайызын өндіреді, бұл аймақтың экономикалық дамуы мен тұрақтылығына қосқан үлесін көрсетеді. Шағын және орта бизнес өсуін ынталандыруда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау да маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылы қолдау шараларын жүзеге асыруға 23,5 млрд теңге бөлінді, оның 18,4 млрд теңгесі экономиканың нақты секторын дамытуға, 5,1 млрд теңгесі экспорттық жобаларды қолдауға бағытталған. Оның ішінде 1021 жаңа жоба бар, бұл кәсіпкерлердің белсенділігі мен жаңашылдыққа ұмтылуының тамаша көрсеткіші. Есепті кезеңде 15,5 млрд теңгенің 3 734 жобасы қолдау тапты. Бұл кәсіпкерлердің өз ісін кеңейту және жаңа идеяларды жүзеге асыру үшін берілген мүмкіндіктерді белсенді түрде пайдаланып жатқанын аңғартады. Мемлекеттік қолдау олардың бәсекелестік ортада аман қалуына ғана емес, сонымен бірге белсенді түрде дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және шығарылатын өнімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнесті дамыту жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға негіз болатынын атап өткен жөн. Кәсіпкерлерді қолдау тек экономикалық өсімге ғана емес, әлеуметтік тұрақтылыққа да септігін тигізеді. Осылайша, шағын және орта бизнесті дамытудағы оң өзгерістер қаламыздың экономикалық өрлеуіне жаңа перспективалар ашады. ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету қарқынын сақтау және арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлердің жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуы болашақта өңірдің тұрақты өсуі мен өркендеуіне қол жеткізудің негізгі факторлары болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың да мол екендігін айтпай кетуге болмас. Жыл сайын қаншама кәсіпкерлер өз бизнестерін бастап, адал салық төлеушілер қатарына қосылады. Әсіресе қызмет көрсету саласында белсенділік басым. Әсемдік салондары, тігін цехтары, ателье сынды қызмет көрсету орындары көптеп ашылуда. Одан бөлек бизнес бастауға берілетін гранттардың арқасында шағын болса да өз кәсіптерін ашып, дөңгелетіп алып кетіп жатқандар баршылық.