Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында медициналық ұйымдарға төлем жүргізу барысы туралы есеп берді.
ТМККК және МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек көрсету үшін Қор биыл медициналық ұйымдармен 2 469,9 млрд теңге сомасына медициналық қызметтерді сатып алуға келісімшарт жасасты.
Бүгінгі таңда ел бойынша 504,5 млрд теңге төленді, оның ішінде 306,2 млрд теңге жеткізушілерге аванстық төлем ретінде аударылды.
«31 наурыздағы жағдай бойынша 1858 медициналық ұйымның 1850-іне көрсетілген қызметтер үшін төлем жүргізілді. Қаңтар айының төлемі 99,6%-ға жабылды. Қазір ақпан айының төлемдерін толық төлеу жұмыстары жүргізілуде», – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Медициналық қызметтер үшін ақы төлеумен қатар, азаматтарды амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге 52,6 млрд теңге бөлінді.
Айта кетейік, биыл медициналық қызметтерге төлем Қордың «Сақтандыру» ақпараттық жүйесі арқылы толыққанды жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан бөлек, Қорда ТМККК мен МӘМС жүйесі аясындағы қызметтер үшін республикалық бюджеттен қаражаттың уақытылы әрі толық көлемде түспеу мәселесі әлі де бар екенін атап өтті. Бұл жағдай ҚР Қаржы министрлігінің өтімділік тапшылығына байланысты орын алып отыр.
Қор медициналық қызметтердің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеткізушілерге уақытылы қаржы бөлу бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Алайда Қаржы министрлігінен қаражаттың түсуіне қарай төлемдер жүргізілуде.
Қазақстандық дәрігерлер күн сайын жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы күрделі хирургиялық оталарды сәтті жүргізуде. Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда.
Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
Қазақстандық дәрігерлер күн сайын жоғары кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, заманауи медициналық технологияларды қолдану арқылы күрделі хирургиялық оталарды сәтті жүргізуде. Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда. Қалалық №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері 60 жастағы пациентке сәтті ота жасады. Аяғындағы тамырлардың бітелуі салдарынан жара пайда болып, ампутация қаупі туындаған. Ота кезінде дәрігерлер науқастың жалғыз бітелген тамырын кеңейтіп, стент орнатты.
Инфаркт алған және қант диабеті мен бүйрек жетіспеушілігі сынды күрделі аурулары бар науқас үшін кез келген операция қауіпті болған.
«Ота жасамаған жағдайда аяқ ампутациясын жасауға тура келетін еді. Біз қолданған әдіс қан айналымын жақсартып, жараның тез жазылуына көмектеседі», — дейді ангиохирург Ерлан Аширбаев.