19.04.2026
_gluster_2025_5_10_e587a7b669e53b84c11310bad0ba9385_1280x720

Шымкент қаласында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылып отыр. Атап айтқанда, өткен 2024 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 4 миллиард теңгеге медициналық жабдық сатып алынған.

— Бүгінде Шымкент қаласында 60 емхана жұмыс істеп тұр. Соның ішінде 14 мемлекеттік, 46 жекеменшік емхана бар. Онда 1 миллион 258 мыңнан астам адам тіркелген. Біз медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударып отырмыз. Атап айтқанда, былтыр мемлекеттік бюджет есебінен 4 миллиард теңгеге медициналық жабдық сатып алдық. Соның нәтижесінде медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталу көрсеткіші 83,8 пайыздан 87,6 пайызға дейін көтерілді, — дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков.

Мұнан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, 2022-2025 жылдары аралығында жаңадан 14 емхана ашылып, емханалардың орташа жүктеме 25 мыңнан 21 мыңға азайыпты. Оған қоса былтыр 4-ші санаттағы медициналық жәрдем көрсетуге 23 дана автокөлік алынған.

Жалпы, жыл басынан бері Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жыланбұзған елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылған. Сондай-ақ, 1 130 жедел жәрдем қызметкері біліктілігін жетілдіру бойынша аттестаттаудан өтіп, арнайы семинар ұйымдастырылыпты. Осы және өзге де шаралардың нәтижесінде қалада аурушаңдық көрсеткіші төмендеп, ана мен бала өлімі азайған.
Қазіргі таңда қаламыздағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі 87,6 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу – алдағы басты мақсаттардың бірі.

Осыған орай, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.А. Асылбеков халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Мәслихат депутаттары ұсынылған жобаларды жан-жақты талқылап, нақты ұсыныстарын білдірді.

Атап айтқанда, биылғы жылы 3,5 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, 240 бірлік жаңа медициналық құрал-жабдық сатып алу жоспарланған.

Бұл өз кезегінде медициналық ұйымдардың мүмкіндіктерін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын айтарлықтай жақсартуға сеп болмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *