Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген. Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы сәтті өтті. Донорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде, 1,5 сағаттан аспайтын уақытта жеткізілді. Реципиент – 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген. Донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық әрі этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілді.
Күрделі ота Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаевтың жетекшілігімен және Тараз қаласындағы әріптестердің, UMC командасының, сондай-ақ тартылған барлық қызметтердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті аяқталды Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең саналады. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.
Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Жүрек орталығының білікті дәрігерлер командасы екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған болатын.
Жүрек трансплантаты – бұл өмірді құтқаратын хирургиялық процедура, онда ауру немесе істен шыққан жүрек қайтыс болған донордан сау жүрекпен ауыстырылады. Бұл күрделі операция әдетте басқа медициналық немесе хирургиялық араласулармен тиімді емделмейтін ауыр жүрек аурулары бар адамдарға арналған. Үміткерлер жүрек трансплантациясы процедурасына физикалық және психикалық тұрғыдан дайын екендігіне көз жеткізу үшін қатаң бағалаудан өтеді. Сәтті жүрек трансплантациясынан кейін пациенттер энергияның жоғарылауымен және қалыпты әрекеттерді қалпына келтіру мүмкіндігімен өмір сүру сапасын күрт жақсарта алады.