31.01.2025
Риксос

Каспий теңізі мен Қаракөлге сарқынды су ағызғаны үшін Rixos қонақүйіне 76 млн 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Экологиялық заң талаптарын бұзған серіктестікке 6 әкімшілік іс қозғалған. Жоспардан тыс жүргізілген тексерулер қос құбыр суының құрамында нитрат пен хлордың шамадан артық мөлшерде екенін көрсеткен. Хауыздар және кәріздік тазарту қондырғылардан шыққан судың қоршаған ортаға төгіліп келгені анықталды. Қазіргі уақытта құбырлар ажыратылды.

«Теңізге бағыттағы құбырдан су тазалау қондырғысынан шығатын ащу суды төккен және хауыздардан жинақталған суды төккен. Заңбұзушылықты жою жөнінде нақты нұсқама берілді. Қазіргі таңда аталған компаниямен бұл бағытта тиісті іс-шара жасақталды», — деді өңірлік экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.

Тәуелсіз сарапшылар көрсеткен ақаулықтар жойылғанша жағдай уәкілетті органның бақылауында болады деп хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *