Қорғаныс министрлігі 2024 жылы қайта жауынгерлік даярлықтан өтетін азаматтардың қай бөлімшелерге жіберілетінін түсіндірді.
«Жаттығу 2024 жылдың жазында 30 күн бойы мотоатқыштар, танкі, артиллериялық бөлімшелерде, сондай-ақ жауынгерлік әрі техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінде өтеді», — деген ақпарат таратты.
Бұл ретте, аталған іс-қимылдар арқылы әскерлердің жекелеген түрлерін күшейту ескерілмеген.
«Біріншіден, біз алдымызға жұмылдыру резервін дайындауды мақсат етіп қойдық», — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігі 3 мың әскери міндетті адамды әскери жиындарға тартуда. 2024 жылы осы міндетті өтейтін бір адамға 500 000 теңгеге жуық қаржы қарастырылған.