19.04.2026
прокуратура

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау – әр мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Осы тұрғыда еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығын күшейту əскери прокуратураның басты мақсаты болып табылады.

Залалды өтеу – келтірілген зиянның нәтижесінде туындаған өтемақы. Әдетте залал келтірген адам заттай немесе толық өтемақы төлеп, келтірілген шығынның орнын толтыруы керек.

Қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес прокуратура органдардың қызметін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі және оның тиімділігі елдегі конституциялық заңдылық жағдайын жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары мемлекеттік органдардың, меншік нысанынан тәуелсіз ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды мемлекетке өтеу ретінде қарастырылады.

Яғни, прокуратураның басты міндеттерінің бірі – ең алдымен, мемлекетке зиян келтіретін құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау, сондай-ақ, кінәлі тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген залалды қалпына келтіру үшін прокурорлық қадағалаудың уақтылы және тиісті шараларын қабылдау.

Әскери органдардың әскери мүліктің сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманы қолдануы бойынша прокурорлық қадағалаудың қазіргі тәжірибесі әскери органдардың қызметіндегі барлық бағытта мемлекетке залал келтірілетінін көрсетіп отыр. Көп жағдайда мемлекетке келтірілетін материалдық залал мемлекеттік мекемелердегі материалдық жауапты лауазымды тұлғалардың қылмыстық-салғырттық әрекеттерінен (әрекетсіздігі) туындайды.

Осыған байланысты, тақырыбына қарамастан кез-келген тексерісті жүргізу кезінде әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз етумен қатар, мемлекетке материалдық залал келтіру, әскери мүлікті және қорғаныс мұқтажы үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қолайлы жағдайлар жасау фактілерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Әскери прокуратура органдары Бас Прокурор мен Бас әскери прокурор қойған міндеттерді ескере отырып, мемлекетке келтірілген залалды өтеу жөнінде елеулі жұмыс атқарды. Соның ішінде Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қабылдаған шаралар белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңінде мемлекет кірісіне (мемлекет бюджетіне) ден қою шараларымен 33 млн теңгеден аса қаражат өтелді.

Мемлекетке келтірілген залалды өтеу мәселесінің өзектілігі мен басымдығына байланысты Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда, ол үшін жүргізілетін тексерістер мен талдаулар кезінде бюджетті толықтырудың жаңа әдістері іздестірілуде.

Шымкент гарнизоны

әскери прокурорының орынбасары

Ербол Сыздыков

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *