31.01.2025
цон

Елімізде балаларға төлқұжат алу арзандады. Оның себебі құжаттың балаларға бес жыл мерзімге берілуі және беттерінің азаюымен байланысты болып отыр. Бұған дейін 16 жасқа дейінгі балалардың төлқұжатын рәсімдеу құны 27 мың 600 теңге болып келді. Енді 24 беттік төлқұжатты 14 мың 768 теңгеге жасата аласыз. Ол 15 жұмыс күні ішінде дайындалады. Құжаттарды жедел алу жағы да қарастырылған.

«Жеке басты қуәландыратын құжаттар» заңы бойынша, еліміздің әрбір азаматы жеке паспортты 10 жылға дейін қолдана алады. Халықаралық тәжірибені және балалардың келбеті тез өзгеретінін ескеріп, 12 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат енді тек 5 жылға берілетін болды. Ал, 12 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға жарамдылық мерзімі 10 жыл.

Бұл қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Шымкент тұрғындары осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады.

Айта кетейік, 2023 жылы шымкенттік жас тұрғындарға 23 мыңнан астам төлқұжат берілген. Сала мамандары төлқұжат жасатушылардың саны әдетте жаз айларында көбейетінін айтады. Бұл маусымдық демалыс уақытындағы үрдіс деуге болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *